387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы бюджеті қайта қаралады

  • 530
  • UPD: 10:45, 13.12.2018

2019 жылға жоспарланған Алматы бюджетін талқылау барысында, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдері мен мәслихат депутаттары мемлекеттен қалаға бөлінетін қаржы жеткіліксіз деді.

Жалпы бюджеттен Алматыға 7 миллиард теңге қарастырылған. Бұл шаһарға жаңадан қосылған аудандарда инфрақұрылымды жетілдіріп, электр желісін тартуға, көше салуға және жөндеуге жеткіліксіз. Оған қосымша 2 миллиардқа жуық қаржы қажет. Депутаттар пікірі мен ұсынысын қала әкімі Бауыржан Байбек қаперге алатынын айтты.

Рахман Алшанов, қалалық мәслихат депутаты:

- Жылдан жылға қала аумағы ұлғайып, халық саны да өсіп келеді. Жаңадан құрылған аудандарда инфрақұрылымды жетілдіру керек. Сондықтан біз мәслихат сессиясында қосымша 1,2 млрд теңге қаражат бөлу мәселесін талқылап, келесі жылдың бюджетіне енгізілсе деген ұсыныс жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы