386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Рублевка ауылында тауарлы-сүт фермасы ашылды

  • 674
  • UPD: 12:34, 13.12.2018

Солтүстік Қазақстан облысында 4 цифрлық мал шаруашылығы кешені ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Солардың бірі – Рублевка ауылындағы тауарлы-сүт фермасы. Онда сиырлардың мойнына арнайы құрылғы тағылған. Тың технологияның тиімділігін арна тілшісі Айдарбек Айтмұхамбетұлы айтып берсін.

Бұл фермада малдың артынан жүрмейді. Әр сиырдың мойнына құрылғы тағылған. Былайша айтқанда, электронды төлқұжат. Сол арқылы бәрін білуге болады.

Иван Зенченко, серіктестік директоры:

Онда барлық ақпарат бар. Яғни сиыр неше литр сүт берді, салмағы қанша, жай-күйі қандай бәрі жазылған. Тіпті, ата-тегіне дейін сақталған.

Кешен толық цифрландырылған. Тың қондырғыларда күніне 10 тонна сүт сауылады. Сиырлар сементал тұқымды. Енді Рублевка ауылында мал шаруашылығы қайта жанданады. Фермаға 50 адам жұмысқа тұрды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

Рублевка ауылы тура тас жолдың бойында орналасқан. Қазір мұнда 700-дей адам тұрады. Енді елді мекеннің өмірі жаңаша бет алады.

Енді ән айтып, би билейтін жер де бар. Іскер азамат Иван Зенченко «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қаңырап бос тұрған мәдениет үйін жөндеп берді. Ауылдың ажары ашылды. Адамдар да арқа-жарқа.

Шынар Мәженова, Рублевка ауылының тұрғыны:

Қанша жыл жұмыссыз отырған ауылдастарымыз жұмысқа ие болып жатыр. Жалақыларын алып, мүмкіншіліктері бар балаларды киіндіріп, мектепке дайындап, керек-жарақтарын алып, үйлерін жөндеп. Су бар әр үйде.

Осындай шаруашылықтар елді мекендердің еңсесін тіктеп, тыныс-тіршілігін түзейді. Рублевка ауылына 1 млрд 400 млн теңге инвестиция құйылды.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Елбасымыз цифрлық экономиканы қалыптастыруды тапсырды. Осы мақсатында біз 4 заманауи техникамен жабдықталған фермаларды ашып отырмыз. Жыл сайын облысымызда 4 ферма салынатын болады.

Рублевка – болашағы бұлыңғыр ауылдардың бірі еді. Іскер азамат енді спорт кешенін салуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы