375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тартуда көш бастап тұр

  • 1055
  • UPD: 20:48, 14.12.2018
Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тартуда көш бастап тұр

Жалпы қазір Қазақстан Орталық Азия өңірінде тартылған инвестиция көлемі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің негізгі капиталына 75 трлн 783 млрд тенге инвестиция құйылған. Негізгі бес серіктестерімізді атайық. Көш басында Нидерланд мемлекеті тұр. Бұл елден шамамен 82 млрд АҚШ доллары тартылған. Екінші орында АҚШ. Құрама Штаттар біздің елге 33 млрд 700 млн доллар әкелген. Үштікті 22 млрд доллармен Швейцария түйіндеп тұр. Төртінші орында Қытай. Экономикамызға салған инвестициясы 16,5 млрд долларға жуық. Бесінші Франция елі. Ол жақтан 14 млрд 600 млн доллар тартылған.

Хабар 24 телеарнасы