386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да кеме жасау ісі қарқынды дамып келеді

  • 963
  • UPD: 21:25, 17.12.2018

Кеңес Одағы кезінде түрлі қару-жарақ шығарып, әскери саланың қажетін өтеген «Зенит» зауытының тәуелсіздік жылдардағы тарихы кеме құрылысымен тығыз байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

90-жылдардың ортасында жасалған ең алғашқы «Сұңқар» катерінің салмағы небәрі 13 тонна болған екен. Содан бері «Бүркіт», «ФС-19» үлгісіндегі катерлер мен «Барыс» жобасындағы он шақты кеме құрастырылған.

Вячеслав Валиев, зауыт директоры:

- Осы жылдарда біз Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша 4 кеме жасадық. Қалған су көліктерін Шекара қызметінің қажеттілігіне қарай құрастырдық. Олардың бәрі де қазір Каспий теңізінде ел тыныштығын күзетуде. Сондай-ақ біз осы кемелерді жөндеу, яғни сервистік қызметті де жолға қойдық.

Зауыт ұжымының күрделі техникалық шешімдерді қабылдауға қабілетті екенін уақыт дәлелдеді. «Барыс» үлгісіндегі соңғы  кемелерге заманауи зымыран кешендері, ең жаңа байланыс құралдары мен қару жарақ орнатылған. Ал қазір жасалып біткен жаңа кеме суасты бақылау құралдарымен жабдықталған.

Нұртай Құлжанов – инженер-конструктор

Жыл сайын тапсырыс берушілердің қойған талаптарына сай кемелер жетілдіріліп келеді. Қосымша жабдықтар қойылады. Мәселен мына кемеге гидроакустикалық станция орнатылған. Ол суасты диверсанттарынан келетін қатердің алдын алуға арналған.

Өндіріс орны қазіргі кемелерден екі есе үлкен, яғни су ығыстыру салмағы 700 тонналық су көлігін жасай алады. Ол үшін индустриалдық бағдарлама бойынша арнайы цех та салыныпты. Алайда уәде етілген тапсырыс тиісті тізімде әлі көрінбейді.

Вячеслав Валиев, зауыт директоры:

Біздің зауыттың кадрлық әлеуеті зор, тиісті инфрақұрылым бар. Күрделі тапсырыстарды орындауға әзірміз. Бірақ Қорғаныс министрлігінің келер жылғы тапсырыстар тізімінде зауыттық нөмірі II «Айбар» кемесі жоқ болып шықты. Ал тиісті тапсырыс болмаса, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істей алмайды.

Еліміз егемендік алғаннан бері «Зенит» зауытында 29 кеме мен катер құрастырылған. Келешекте кәсіпорын өндірісті әртараптандырып, келешекте азаматтық өнімдерді шығаруды да қолға алмақшы.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Р.Ғазезов

Хабар 24 телеарнасы