389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дүниежүзілік банк қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 503
  • UPD: 01:40, 18.12.2018

Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы бас кеңсенің ұжымы Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап Қазақстан бұл қаржылық ұйыммен тығыз қатынас орнатқан. Тәуелсіздік жылдары Дүнижүзілік банк жалпы соммасы 8 миллиард доллардан асатын қазақстандық 46 жобаны қаржыландырған. Тәуелсіз мемлекет жарияланған алғашқы жылдары құрылымдық реформалар мен инфрақұрылымды жетілдіруде зор қолдау көрсетті.

Вернер Грюбер, Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры:

- Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтаймын. Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесінде Қазақстандық тарап атынан шығуым мен үшін үлкен мәртебе. Сонымен қатар Қазақстан мен банк арасындағы ынтымақтастықтың ұзақ жылдарға жалғасып келе жатқаны мені қуантады.

Гульнара Фебрес, Дүниежүзілік банкінің операциялар жөніндегі бас маманы:

- Қазақстанды Тәуелсіздік мейрамымен шын жүректен құттықтай отыра, халқымызға бақыт, табыс пен береке-бірлікті тілеймін. Дүниежүзілік банкінде қызмет атқарып  жатқаныма 24 жылдың жүзі болды. Әрине, елді қатты сағынғаныммен, Қазақстанның атынан бұл жерде жұмыс істеу мен үшін зор мәртебе.

Хабар 24 телеарнасы