378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «Бизнестің жол картасы» бойынша 80 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

  • 220
  • UPD: 10:23, 18.12.2018

Биыл ақтөбелік 80 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының көмегіне жүгінген. Мемлекет 6 жарым миллиард теңгеге қолдау көрсетті.

Бірінші кезекте кәсібін дөңгелетіп отырғандар азаматтардың екінші деңгейлі банктердегі несиелерін өтеуге субсидия бөлінеді. Сондай ақ тиісті кепілі жоқ кәсіпкерлер үкіметтің қолдауына жүгіне алады. Соңғы бағыт бойынша жалпы құны 12 миллиард теңгеге түрлі жоба жүзеге асырылған. Бұл бағдарлама аясында экономиканың басым бағытын ұстанған шаһарлардағы кәсіпкерлер 2,5 миллиард теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Яғни билік тарапынан қолдауға ие болады. Субсидияланатын сыйақы мөлшері 40 процент. Ал, ауылдардағы кәсіпкерлердің несие межесі 750 миллион теңге. Бірақ несиені субсидиялау мөлшері сыйақы процентінің тең жарымын құрайды. Мұндай игілікті ақтөбелік кәсіпкерлер кеңінен пайдалануда. Түрлі жаңа өндіріс орындары ашылып, қызмет көрсету саласы кеңіді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жүзеге асқан уақыт аралығында өңірде 900-ге жуық кәсіпкерге субсидия төленіп, жалпы сомасы 100 млрд теңгеге жуықтаған. Елбасы өз жолдауында бұл бағдарламангың 2025 жылға дейін жалғастыру керектігін айтқан болатын. Ел Президентінің ұсынысын жергілікті кәсіпкерлер қуана қарсы алды.

Жомарт Едірешов, өндіріс басшысы:

- Мемлекет бізге, жаңадан осылай ашылып жатқан өндірістерге қолдау көрсетіп жатыр. Оған үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Осындай мемлекеттің арқасында осындай шағын кәсіпорындар көп болады деп  сенеміз. Осының арқасында экономикамыз дұрысталып, халқымыздың әл-ауқаты дұрысталады.

Сандар Жабаев, кәсіпкер:

- «Бизнестің жол картасы-2020» деген программа бойынша бастадық жұмыс жасауды. Бірақ уақыт деген зымырап өтті. 2020 жыл келіп та қалды осымен. 2019-дан бастап жаңа барғдарламалар шығармайды. Бірақ Елбасы соған қарамастан ұзартамын деп жатыр. Ұзартса өте жақсы болады. Біз тек ризамыз. Өйткені әр жыл сайын жаңа-жаңа небір түрлі машиналарды алып келіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы