375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Қытаймен экономикалық байланысы нығайып келеді

  • 291
  • UPD: 10:17, 18.12.2018
Еліміздің Қытаймен экономикалық байланысы нығайып келеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс күннен күнге нығайып келеді. Соның ішінде табиғи таза әріқұнарлы ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайдың ішкі нарығына шығару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы Шэньси провинциясының Қазақстандағы бас өкілі Хэ Чэнбіздің тілшімізге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Шэньси провинциясыҚазақстаннан жөнетілген ара балының алғашқы легін сатып алған. Дәмі тілүйіретін экологиялық таза тамақ тұтынушылардың көңілінен шықты. «Алтай» атты отандық өнімге Қытай нарығында сұраныс көп болғандықтан енді тұрақты түрде тұтынуды ойлайды. Хэ Чэннің сөзінше Шанхайда өткен импорттықтауарлардың көрмесінде Қазақстан алдағы бес жылда Қытайға 15 мың тонна балэкспорттау жөніндегі келісімге қол қойған. Қазір еліміздің 15 кәсіпорыны көршіәріптестерімен белсенді келіссөз жүргізіп жатыр. Сондықтан келер жылы даәріптестік нығая түседі деген сенім бар.

Хэ Чэн, Шэньси провинциясының Қазақстандағы бас өкілі:

- Қазақстан тек пайдалы қазбаларға ғана емес, табиғи азық-түлікке де бай ел. Ондай тазаөнімге қытайлықтардың көбі мұқтаж. Мәселен, табиғи ара балының дәмі керемет.Біздің нарықта оған деген сұраныс басым. Оны өзімізге тасымалдау үшін 2-3 жылдай тер төктік. Биыл Шымкент қаласы республикалық мәртебе алды. Яғни Қазақстанныңсолтүстік, шығыс аймақтарымен ғана емес оңтүстігімен де байланысты нығайтудыжоспарлап жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы