378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Қазақстан экономикалық дамуда едәуір ілгеріледі

  • 261
  • UPD: 11:38, 18.12.2018
Сарапшы: Қазақстан экономикалық дамуда едәуір ілгеріледі

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық қатынастарды реттеп, қаржы-экономикалық институттармен тіл табысты. Елге миллиардтаған шетел инвестициясы тартылды», - деп ой сабақтаған Каспий ынтымақтастық институтының директоры Сергей Михеев Қазақ елінің табысқа кенелуіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты негіз болды дегенді де тілге тиек етті. 

Сергей Михеев, саясаттанушы:

- 90-жылдары Қазақстан өзге кеңес елдеріне қарағанда ауыр жағдайға тап болды. Дағдарысқа ұшырап, ұлтаралық текетірес пен соғыс жағдайына ұшыраған елдерге қарағанда Қазақстан бұндай кезеңді бастан өткермеу үшін қолдан келгенше тырысып ғана қоймай, экономикалық  дамуында айтарлықтай нәтиже көрсете білді.  Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі жоғарғы бағаға ие. Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елдеріңіз одан әрі  дами берсін!

Хабар 24 телеарнасы