378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі техника жөндейтін зауытта өндірісті цифрландыруға басымдылық берілуде

  • 264
  • UPD: 12:36, 19.12.2018

40 жылдан астам тарихы бар Семейдегі құрышты техника жөндейтін зауытта өндірісті цифрландыруға басымдылық берілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай кәсіпорында арнайы бағдарлама қабылданып, 2019-2022 жылдары заманауи технологиялық жабдықтар сатып алу көзделген. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, қазақстандық мазмұн үлесі ұлғаяды. Орталық Азияда теңдесі жоқ зауытта көршілес мемлекеттерден де тапсырыстар түседі екен.

Болат Көкенайұлы, Twitter@bolekekokenay:

- Салмағы 40 тоннадан асатын мына танк бір қарағанға алып көрінеді. Алайда бұл техника да 15 мың қосалқы бөлшектен құралады екен. Зауытта осы бөлшектердің 40% жасалады. Болашақта цифрландыру бағдарламасы аясында осы көрсеткішті 70% жеткізу жоспарланып отыр.

Кәсіпорында қазір 400-ге жуық адам еңбек етеді. Жыл аяғына дейін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын тап-тұйнақтай тиянақты атқаруға барлық күш-жігер жұмсалып жатыр. Цехтарда қайнаған қызу жұмыс.

Нұрлан Шохманов, зауыт жұмысшысы:

- Қазір міне, БТР-80 техникасын жинап жатырмыз. Мемлекеттік тапсырыс уақытында орындап, тағы да заказ алуға тырысамыз. Көптеген жастар қазір жұмысқа алынуда, сол жастарға білмегенін үйретіп, болашақта өзіміздің ізбасарларымызды дайындап жатырмыз.

Тілеухан Құсайынов, кәсіпорын бас директорының орынбасары:

- Жалпы құны 2 миллиард теңгеге жаңа құрал-саймандар алуға инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол келешекте жаңа технология бойынша жаңа жаңғыртулар бойынша техникаларды жөндеу уақытын қысқартып, соған көңіл бөлініп жатыр.

Өндірісті цифрландырудың тиімділігі зор. Мәселен, қорғаныс техникаларын жөндеу мерзімі қысқарады. Зауыттың экспорттық әлеуеті де арта түседі. Қазірдің өзінде Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен тапсырыстар түсіп жатыр.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы