378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тимур Сүлейменов: ЕАЭО бірыңғай электронды валютасын құруға жол берілмейді

  • 315
  • UPD: 00:08, 20.12.2018

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай электрондық валюта құру мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

Ол бұл бастаманы қолдамайтындығын атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жауап берген министр аталмыш ұсынысты Ресей ұлттық төлем кеңесі жасағандығын айтты. «Оларда бірқатар ұсыныстар бар, алайда ресейлік тараппен ресми жария етілмеген. Дәл осылай Қазақстандағы кез келген қаржыгерлер қауымдастығы да мәлімдеме жасай алады», деді Тимур Сүлейменов.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Ұлттық валюта біздің егемендігіміздің нышаны деп ойлаймын. Яғни әнұран, ту және елтаңба сияқты. Сондықтан біз оны сақтап, дамытып және қорғап жүруіміз қажет. Тиісінше басқа да квази, прокси валюталарға жол бермеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы