388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ жас кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін қарастырды

  • 451
  • UPD: 08:13, 20.12.2018

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының кеңістігінде дүниежүзіндегі жастардың тең жартысы тұрады.

Бұл – 17-23 жас аралығындағы 803 миллион адам. Осындай үлкен нарықтың мүмкіндігін қалай пайдалану керек? Бейжіңде «ШЫҰ кеңістігіндегі жастар кәсіпкерлігі» деп аталған жиында осы сұрақ талқыланды. Жиналғандар ісін енді бастағандарға барынша жақсы жағдай жасау үшін бірлесіп әрекет етуге уағдаласты. Соныман қатар кездесуге келген бизнесмендер жастармен пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шанхай ұйымының аумағында инновациямен кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-көшбасшыларының басын қосатын алаң құру мәселелері көтерілді. Енді мұндай жиын жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Жамбыл Әбдінәбиұлы, студент:

- Өзбекстанның жігіттерімен осы жиынға бірге келіп отырмыз. Енді болашақта осы бизнес идеяларды осы өзбек жігіттерімен бірге қосылып, тың идеяларды көтергелі отырмыз. Мысалы, Қазақстанда 18 бен 35 жас аралығындағы осы ШОС аймағында Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосатын ұйымдар ашылып жатыр. Сол себепті мен де еліме оралған кезде осы идеяларды пайдаланып, жеке бизнесімді ашқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы