377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Поляк кәсіпкерлері Қазақстан нарығына қызығып отыр

  • 190
  • UPD: 08:14, 20.12.2018

Польшалық бизнесмендер Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігін жоғары бағалайды.

Кәсіпкерлер ынтымақтастықтың келешегіне зор сенім артып отыр. Бұл туралы кәсіпкерлік пен технология министрінің орынбасары Тадеуш Кощчиньски арнамызға берген сұхбатында мәлімдеді. Айтуынша, поляктар елімізге инвестиция құйып, сонымен қатар өз тәжірибесімен де бөлісуге әзір.

Тадеуш Кощчиньски, кәсіпкерлік пен технология министрінің орынбасары:

- Қазақстан Орталық Азияда орналасуы жағынан және экономикалық тұрақтылығымен польшалық инвесторлар мен кәсіпкерлерді өте қызықтырады. Бүгінде Қазақстанда 200-ге жуық компаниямыз жұмыс істейді. Олардың қатарында ірі инвесторлар да бар. Жалпы, поляк кәсіпкерлері Қазақстан нарығына қуана шығатын болды.

Хабар 24 телеарнасы