378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БЖЗҚ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ға 450 млрд теңге инвестициялады

  • 173
  • UPD: 12:31, 20.12.2018
БЖЗҚ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ға 450 млрд теңге инвестициялады BNews.kz

2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялаудың 2018 жылға арналған негізгі бағыттарына сәйкес, БЖЗҚ-ның 450 млрд теңге сомасындағы зейнетақы активтері «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ айналыс мерзімі 15 жылдық облигацияларына нарықтық талаптармен және жылдық 10% сыйақы мөлшерлемесімен инвестицияланды.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді индустриалдық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын негізгі институт болып табылады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы мемлекет «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жалғыз акционері болып табылады. Халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары кредиттік бағасына ие болған холдинг бағалы қағаздар нарқындағы сенімді қарыз алушылар қатарына жатады. Мәселен, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Fitch Ratings агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша оң болжаммен «ВВВ-» деңгейінде тұр. Холдингтің меншікті капиталы 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 244,9 млрд теңгені құрайды.

Жалпы алғанда, агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды секторларының бірі болып табылады және өндіруші саланың Қазақстан экономикасына әсер етуін теңестіруге мүмкіндігі бар негізгі қозғалтқыш ретінде қаралады.

Осылайша, бір жағынан, жоғарыда көрсетілген инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын біршама инвестициялық кіріс әкелетін болады, екінші жағынан, саланы қаржылай қалыпқа келтіру есебінен агроөнеркәсіптік секторды одан әрі дамытуға және жетілдіруге, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының борыштық жүктемесін төмендетуге, бағамның нарықтық ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің азаюына, сондай-ақ кредиттеу көлемінің ұлғаюына айтарлықтай қолдау көрсетеді, деп жазады ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы