378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Агроинновация»: спутниктік технологияларды ауыл шаруашылығында қолдану мәселесі қаралды

  • 283
  • UPD: 14:49, 20.12.2018

Қазақстан мен Украинананың агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік әрі жекеменшік компаниялары өзара ынтымақтастықты арттырмақ.

Бұл туралы Киев қаласында өткен «Агроинновация» халықаралық конференциясында талқыланды. Егінге жарамды жерлерді ғарыштық мониторинг жасау және спутниктік технологияларды ауыл шаруашылығында қолдану мәселесі де күн тәртібінде қаралды.

Егін шаруашылығы мен майлы, жемдік және дәнді-дақылдарды өсірумен айналысатын Қазақстан мен Украина аграрлы елдің қатарына жатады. Сондықтан егістік алқаптарын ғарыштық бақылау екі ел үшін де өзекті. Ғарыштық мониторинг ең алдымен ен далаға себілген егістіктің классификациясы мен жағдайын бақылауға мүмкіндік берсе, спутниктік технология агрооперацияның жай-күйін анықтауға мұрша береді. Ғарыштық зерттеулер институтының профессоры Наталья Кусуль күз айында Қазақстанға келіп кетіпті. «Қазір мемлекеттер осы саладағы байланысын арттыра түскен», – дейді маман.

Наталья Куссуль, Украина ғарыштық зерттеулер институтының профессоры:

- Қазақстанда қазіргі күні спутниктік мониторинг технологиясын енгізу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр. Украинаға қарағанда Қазақстанның өз жерсерігі бар. Сондықтан бұл технология сіздерде тезірек дамуы мүмкін. Ал біз, Украинананың осы саладағы мамандары, Қазақстандық әріптестерімізге спутниктік деректерті өңдеу және алынған ақпараттарды халықаралық сараптамалармен толықтыру бойынша құнды кеңес бере аламыз.

«Қазақстанның солтүстіктік егін алқаптарындағы климаттық өзгеріске байланысты ерекшелік, жердің жағдайы, арамшөптер мен дақылдарды суару, жалпы егін егу стратегиясын құру мәселесінде ғарыштық ақпараттық мониторинг аса қажет», – дейді агробизнесті ТМД елдері бойынша дамытудың маманы Юрий Пекун. Бүгінгі «Агроинновация» конференциясында әр елдің жер ерекшелігіне байланысты ғарыштық бақылау жүйесін жетілдіру мәселесі де сөз болды.

Юрий Пекун, Агробизнесті ТМД елдері бойынша дамытудың маманы:

- Айталық, біздің компания қазақстандық агроном мен бизнесті басқару жетекшілеріне ғарыштан түсірілген алқаптың картасын ұсынады. Мониторинг картасы қар жауғаннан кейін егінге арналған жердің жай-күйі қандай деген сұраққа жауап бере алады. Техника алаңға шықпас үшін агроном алып жердің жағдайын жан-жақты зерттеп алып, ақпаратқа қанық болса, ең тиімді тәсіл сол әрі талай шығынның алдын алады.

«Агроиновация» халықаралық конференциясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, өткізу нарығы мен экспортты дамыту, аграрлық ғылым мен өндірісті техникалық жабдықтау сияқты маңызды тақырыптар да көтерілді.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы