378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Табиғи монополиялар туралы» Заң жобасы қабылданды

  • 312
  • UPD: 15:52, 20.12.2018

Бүгін жоғарғы палатаның жалпы отырысында «Табиғи монополиялар туралы» Заң жобасы қабылданды.

Осылайша басынан дау арылмаған сала заңмен реттелмек. Оған қоса Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында көрсетілетен қызметтердің тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуға пәрмен берген еді. Осы мақсатта салаға инвестиция тартылып, қыруар қаржы құйылды. Мәселен, соңғы 3 жылда 1 трлн теңгеден астам қаражат салынды. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 684 млрд теңге қарастылыған. Ал 2021 жылға дейін 2,2 трлн теңге инвестиция құю көзделіп отыр. Енді Ұлттық экономика министрлігі бюждеттің миллиондарын тиімді пайдалану мақсатында заң жобасы негізінде тариф белгілеудің жаңа ынталандыру әдісін енгізуді жоспарлап отыр. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, тарифті қалыптастыру кезінде субъектінің шығындарын жыл сайын төмендетуге бағытталған тиімділік көрсеткіші қолданылмақ. 

Хабар 24 телеарнасы