389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО Қытай тәжірибесін меңгеруде

  • 670
  • UPD: 16:01, 20.12.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қытай астанасында бірқатар маңызды кездесу өткізді.

Соның ішінде сауда министрлігі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі және Ситик Груптың басшыларымен жүздесті. Оның айтуынша, биыл «Астана» қаржы орталығы үшін маңызды жыл болды. Шанхай және Ханчжоу қалаларындағы ірі компаниялармен қаржы технологиялар хабын құру жөнінде келіссөздер аяқталды. Синьхуа және Ханчжоу университеттерімен осы салада әріптестікті нығайтуға қол жеткізілді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы келер жылы да көрші елдің институттарымен байланысты бекемдей түседі. Қазақстанды әсіресе Қытайдың жасыл қаржы, ірі қалаларды дамыту салаларындағы жетістіктері қызықтырады. Бұған қоса Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің штаб-пәтері орналасқан. Бұл – Азия құрлығындағы даму процесстерін қолдауға арналған ірі халықаралық институт. «Астана» халықаралық қаржы орталығы келер жылы банкпен белсенді жұмыс жасайтын болады.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Шынымен Қытай қаржы технология саласында көш ілгері келеді. Бұл елдің цифрлы технологиядағы жетістіктерін бүкіл әлем мойындап отыр. «Али Баба» және «Тэнсэнт» компанияларын бәріміз білеміз. Бүгінде біз осы технологияларды пайдалану және электронды сауданы дамыту үшін бірнеше компаниямен әріптестік орнаттық.

Хабар 24 телеарнасы