378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алты министрлік бюджет қаржысы толық игермеген

  • 245
  • UPD: 18:05, 20.12.2018
Алты министрлік бюджет қаржысы толық игермеген inform.kz

Орталық атқарушы органдар да республикалық бюджетке қатысты бірқатар олқылықтарға жол берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алты бірдей министрлік қазына қаржысын толық игермей, кестеден кешігіп келеді. Әсіресе, Қорғаныс министрлігі. Құрылымның биыл 32 миллиард теңгесі игерілмей қалуы мүмкін. Білім және ғылым министрлігінде бұл көрсеткіш - 9, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде - 8, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде - 6, ал Ішкі істер және Әділет министрліктерінде 5 млрд теңгеге тең.

Хабар 24 телеарнасы