378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы зауыт мақсары майын экспортқа шығарады

  • 244
  • UPD: 13:35, 21.12.2018
Жамбыл облысындағы зауыт мақсары майын экспортқа шығарады

Жамбыл облысы Жуалы ауданында мақсары майын шығаратын зауыт экспортқа жұмыс істей бастады.

Биыл кәсіпорын шикізат тапшылығына қарамастан Қытай, Бельгия мемлекеттеріне 1200 тонна таза мақ-сары мен 40 тонна  май жөнелтті. Жалпы өндіріс орны жылына 5 мың тоннаға дейін май сығып шығаруға қауқарлы. Мұнда 100 процент экологиялық таза өнім өндіріледі. 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазір отандық өнімге сұраныс артып отыр. Сондықтан келер жылдан бастап мақсары алқаптарының көлемін арттырып, осының есебінен өнімділікті еселемек.

Перуза Ортаева, кәсіпкер:

- Биылғы жинаған мақсарымыз аздау болды. Бірақ дегенменде 2 мың тоннадай жинап сол мақсарыны өндіріп отырмыз. 800 тоннаны өзімізге қалдырып май сығып жатырмыз. Шамамен 40 тоннадай Қытайға жіберетін жоспар жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы