389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның Зеленов ауданында алғашқы көкөніс өңдеу зауыты ашылды

  • 463
  • UPD: 14:00, 22.12.2018

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында алғашқы көкөніс өңдеу зауыты ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс орнында жылына 3 мың тонна тауар өндіріледі. Кәсіпкерлер өнімнің 80% көршілес Ресей нарығына жөнелтуді көздеп отыр.

Трёкин ауылында іске қосылған өндірістік желі – үш жігіттің қолға алған жаңа жобасы. Бұл жас кәсіпкерлер осыған дейін оңтүстіктен көкөніс тасымалдап, оны алып-сатумен айналысып келген. Кейін келе өздері де өндірісіпен айналысып, бизнестің көзін тапты.

Мәди Әбуғалиев, кәсіпорын басшысы:

Мезгілінде жұмысқа алатын адам саны 100-150 болады. Жылына мында 3 мың тонна тауар өндіреміз. Шикізаттарды қазіргі таңда Алматы қаласынан алдырып жатырмыз. Басқаларын, қияр мысалы піскен уақытта біз өзіміздің жерлестерімізден аламыз

Әзірге жоспар бойынша 30-ға жуық өнім өндіріледі. Оның 80% көршілес Ресей нарығына жөнелту көзделген. Ал несиеге алған 100 млн теңгені алдағы 3-4 жылда қайтару жоспарда бар. Зеленов ауданындағы 3 мыңға жуық кәсіпкерлерік нысаны 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жақсылык Мұхамеджанов, Зеленов ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге 173 млн теңгеге 3 кәсіпкерге несие берілді. Бұл қаржы арнайы техникалармен қамту, көлікпен қамту және автобомиль жолдарын жасауға жұмсалды. Сонымен қатар 84 шағын бизнес өкіліне 300 млн теңге көлемінде несие бөлінді.

Биыл облыс бойынша жаңадан ашылған шағын және орта бизнес нысандарының саны 6% артты. Қазір аймақ бойынша 115 мыңнан астам тұрғын осы шағын және орта бизнес саласында жемісті еңбек етіп жатыр.

Авторлары: Ботагоз Базарбаева, Болат Жарылгасов

Хабар 24 телеарнасы