378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда айналымы 192 млн долларға жетті

  • 311
  • UPD: 15:32, 22.12.2018
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда айналымы 192 млн долларға жетті

Биыл Қазақстан-Әзірбайжан қатынасы үшін жемісті жыл болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алыс-беріс қарқын алып, өткен жылмен салыстырғанда 60% артты. Әзірбайжанның мемлекеттік кеден қызметінің мәліметі бойынша 11 айдың ішінде қос елдің тауар айналымы 192 млн долларға жетті. Қазақстаннан жеткізілген өнім көлемі 56% өсті. Әсіресе, ауылшаруашылық өнімдерінің тасымалы анағұрлым көп. Мәселен, Әзірбайжанға экспортталатын қазақстандық бидайдың көлемі 3 есеге ұлғайып, 220 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ күріш пен жасымықтың экспорты еселенді. Ал Әзірбайжан өз кезегінде қазақстандық нарыққа жеміс-жидек, шырын, шай мен жаңғақ жеткізуге мүдделі.

Рашад Гасанов, экономист:

Экономикалық қарым-қатынас айтарлықтай нығайды. Қазақстаннан дәнді дақылдар, мұнай шикізаты, цинкпен қапталған болат тасымалданады. Осылай жалғаса берсе, екі елдің тауар айналымы ұлғая түседі деп ойлаймын. Себебі, 2015 жылы мұнай бағасы төмендегеннен бері, екі ел де экономикасын әртараптандыруға кірісті. Осылайша, тұтынушылық әлеуетті арттырудың амалына көшті.

Хабар 24 телеарнасы