378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да ет экспортының көлемі ұлғайды

  • 339
  • UPD: 18:41, 22.12.2018
БҚО-да ет экспортының көлемі ұлғайды

Батыс қазақстан облысы жыл басынан бері 2800 тоннадан астам ет экспорттады.

Мұздатылған өнімдер негізінен Ресей, Армения, Иран және Тәжікстанға шығарылған. Аймақта тек соңғы 4 жылдың өзінде 8 мың тонна сиыр және 720 тонна қой еті экспортталған. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша алдағы жылы сыртқы нарыққа шығарылатын өнім көлемі тағы арта түседі. Өйткені Батыс қазақстан облыстық ет өңдеу зауытының жұмысымен қытайлық компания өкілдері танысқан. Қазір олар өнім сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Осыған байланысты аймақта мал бордақылау кешендерін көбейту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аймақтағы ет өнімдерін дайындаушы негізгі 11 бордақылау кешенінде 15 мың бас мал бар.     

Нұргүл Мұқанова, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы: 

- Cырым ауданында сыйымдылығы мың басқа арналған бордақылау алаңы іске қосылды және Зеленов ауданында сыйымдылығы үш және бес мың басқа арналған мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланып отыр. 2019 жылдың сәуір айында Казталов ауданында бес мың басқа арналған бордақылау алаңын бастау жоспарланды.

Хабар 24 телеарнасы