378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швед ғалымы: Қазақстан – озық экономикасы бар көшбасшы мемлекет

  • 239
  • UPD: 08:07, 26.12.2018

Қазақстан – әлемдегі ең табысты және тұрақты мемлекет.

Швед ғалымы, Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Сванте Корнелл осылай дейді. Айта кетейік, сарапшы Орталық Азияны 25 жылдан бері зерттеп келеді. Және Қазақстанға іссапармен келіп кеткен. Оның айтуынша, еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуеті жоғары.  

Сванте Корнелл, ғалым:

- Қазақстан – озық экономикасы бар көшбасшы мемлекет. Тұрғындары аз болғанына қарамастан, әлемдік аренада өзін көрсете алды. Мәселен, Астана процессі. Сондай-ақ Жібек жолы жобасында маңызды рөл атқарасыздар. Ел Еуропа мен Азияны жалғайтын көпір ғана емес, сауда-саттықтың орталығы болары сөзсіз. Қазақстан 2030 және 2050 сынды алдына өршіл мақсат қоя алды. Осы жоспарды орындау үшін мемлекет талмай еңбектеніп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы