378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселесі қаралуда

  • 371
  • UPD: 12:20, 26.12.2018

Бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу.

Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген негізгі тақырыптардың бірі осы. Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжатты еліміздің Ұлттық экономика министрі Тиумр Сүлейменов таныстырды. Бизнес енді қалай қарай дамуы тиіс.

Заң жобасы Мемлекет басшысы берген бизнес ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырманы іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат 10 кодекс пен 28 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Құжат кәсіпкерлік қызметті дамытуға және сауда саласына инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр. Оның ішінде салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен сауданы одан әрі дамытуға, тауарларды таңбалау секілді жаңашылдыққа толы. Бұдан бөлек электрондық сауданы дамыту жөнінде, оның ішінде электрондық сауда алаңдарын дамыту есебінен электрондық коммерцияны дамыту, сондай-ақ биржа саудасының одан әрі дамуын қамтамасыз ету бөлігінде нормалар ұсынылады.

Жұмыс тобының отырысына 570 ұсыныс келіп түскен. 

қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді оңайлату;

салынған әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын төлеген кезде шартты жеңілдік беру;

үлескерлердің құқықтарын қорғау және құрылыс салушылардың мүдделерін сақтау мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетігін жетілдіру;

бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда сот жүйесін одан әрі жаңғырту;

авторы: Әсел Тұмашқызы

Хабар 24 телеарнасы