378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ҚазАзот» зауыты 330 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш өндірді

  • 268
  • UPD: 17:01, 26.12.2018

Биыл «ҚазАзот» акционерлік қоғамы 330 мың тоннадан астам өнім өндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Минералды тыңайтқыштардың 21% экспортқа шығарылды. Кәсіпорын мұндай нәтижеге ауқымды жаңғырту жұмыстарының арқасында қол жеткізген.

Зауыт жанынан қуаты 38,9 МВт болатын электр станциясы салынды. Станция «Шағырлы-Шөмішті» кен орнынан жеткізілетін газбен жұмыс істеп тұр. Ол өндіріс ошағына қажетті электр қуатын өндіріп, жылына 4 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның тағы бір ерекше жобасы – үрлемелі газдан аммиак алу. Озық технологияның арқасында зауыт жұмысшылары бұрынғыдай аммиакты отқа жақпай, оны қайта кәдеге жаратуда. Сондай-ақ Бейнеу ауданында табиғи газ кен орны іске қосылды. Жобаларды Қазақстанның Даму банкі қаржыландырған.

Анна Ярошенко, ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі:

- Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі аясында Қазақстанның Даму банкі газ-піспек электр станциясының құрылысын, аммиакты кәдеге жарататын құрылғының орнатылуын қаржыландырды. Және табиғи газ өндірісіне қажетті инфрақұрылым құрылды. Жаңғырту үдерісі мұнымен тоқтамайды.

Бұл жобаларға 30 миллиард теңге жұмсалған. Келешекте тағы бірқатар жобаны қолға алу жоспарланып отыр.

Арман Мәулешев, «ҚазАзот» АҚ бас директоры:

- Қолданысқа енетін жобалардың бірі – күрделі минералды тыңайтқыштар цехында ауаны құрғатып, салқындататын жүйе. Бұл құрылғының көмегімен жылына кемінде 20 мың тонна шығынды үнемдеп, өнім көлемін арттыруға болады.

Әлемдік нарықта лайықты бәсекелес бола алатын зауыт өз өнімдерін 11 елдің нарығына шығарып келеді.

Авторлары: Меруерт Жақан, Гүлмира Әбішева, Айдос Меделбеков

Хабар 24 телеарнасы