377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық өндірістің қатары екі зауытпен толықты

  • 248
  • UPD: 19:57, 26.12.2018

«Самұрық-Қазына» қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бірлескен ұзақмерзімді бағдарламасы өз жемісін бере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желтоқсан айының басында Қазақстанда баламасы жоқ екі ірі өндіріс орны іске қосылды. Кәсіпорын қысқа мерзім ішінде тапсырыс беруші мекемелермен әріптестік байланыс орнатып, 4 млрд теңгенің өніміне келісім-шарт жасасты.

Импорттық тауар түрлерін азайтуға арналған бағдарлама отандық өндіріске жол ашады. Қазір аталған жоба машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, мұнай-газ және химия саласына басымдық беріп отыр. Енді қазақстандық кәсіпорындар қажетті қымбат құрал-жабдықтарды сырттан тасып әуре болмайды.

Ербол Беков, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС департамент директоры:

- «Самұрық-Қазына» қоры мен «Атамекен» палатасы арасында әріптестік байланыс орнаған. Жаңа өндірістер бағдарламасы бойынша екі зауыттың жобасы мақұлданды. Оның бірі – Шымкент қаласындағы «Азия Трафо» ЖШС-іне қарасты зауыт құрылысы. Онда жоғарғы кернеулі трансформаторлар шығарылады.

Жаңа өндірістер бағдарламасы аясында жүзеге асқан екінші жоба – Атырау облысында іске қосылды. Жоғарғы кернеулі құрылғылар шығаратын өндіріс орны – еліміздегі ірі мұнай-газ компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты. Тауарға деген сұраныстың болуы кәсіпорынның тез аяқтан тұрып кетуіне кепіл болмақ.

Ербол Беков, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мониторинг және талдау департаментінің директоры:

- Импортты алмастыруға бағытталған бағдарламаның ең басты ерекшелігі – кепілдік берілген тікелей сатып алу келісімінің болуы. Яғни, тауар өндіруші компаниялар үш жыл немесе одан да көп уақытқа есептелген тапсырыстар алады.

«Самұрық-Қазына» қоры биылғы жылы елімізге ең көп импортталған тауар түрлеріне сараптама жасайды. Соған сәйкес ішкі нарықтағы сұранысты Қазақстандық өніммен қамтуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы