378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Шымкентмай» компаниясы нарыққа жаңа өнім шығармақ

  • 393
  • UPD: 23:42, 26.12.2018

Еліміздегі май өнімдерінің аса ірі өндірушісі «Шымкентмай» АҚ нарыққа жаңа тауар шығаруды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Компания алдағы уақытта құрамында кокос майының 20% мөлшері бар шаруашылық сабын өндірмек. «Шымкентмай» кәсіпорны осыдан үш жыл бұрын инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның Даму банкінен» цех құрылысын салуға қарыз алған болатын. Осының нәтижесінде өндіріс орнында жұмыс қарқын алды.

«Шымкентмай» АҚ биыл 28 мың тонна өсімдік майын, 8,5 тонна шаруашылық сабынын және 90 мың тонна ілеспелі өнім яғни мал азығына қажетті жем-шөп шығарған. Кәсіпорын өндірген тауарлардың 70% экспорттың үлесінде. Шымкенттік өнімді Орталық Азия елдерімен қатар Ресей, Қытай, Түркия мемлекеттері де тұтынады. Биыл экспорттық жеткізілім көлемі 16% артқан. Компания өз тауарларын шетелде сату үшін «Қазақстанның Даму банкімен» бірлесіп жұмыс істеп келеді. Банк кәсіпорынның экспорттық операциясына 2021 жылға дейін 3 млрд теңге мөлшерінде кредиттік желі ашты.

Жұлдыз Байтанаева, ҚДБ жаңа өнімдермен жұмыс істеу басқармасы басшысы:

- Біздің банк бұл зауытты қаржыландыруға қызығушылық танытты. 2015 жылы кәсіпорынның өсімдік майын рафинациялау және дезодорациялау цехының құрылысын салуға қаржы берген болатын. Қазір мұнда екі цехтың да жұмысы жолға қойылған.

Мұнда өсімдік майларымен қатар күнжара өндіру ісі қолға алынған.  Бүгінде зауыт іс жүзінде барлық май дақылдарын қайта өңдеп, олардың майларына рафинациялау мен дезодорациялау жүргізуге қабілетті.

Данай Өмірбаев, «Шымкентмай» АҚ өндіріс басшысы:

- 1200 тонна шикізат мақтасын тәулігіне өндіреміз. Бірінші дайындау цехынан өтеді. Қара май сығылады. Одан кейін майды рафинация цехына жіберіліп, рафинациаланып таза май шығып дайын өнімге кетеді. Сосын экстрация цехы бар. Ол жерден шроттан тағы да май шығып ол да қоймаға өткізіледі.

Зауыт қалдықсыз өндіріс технологияларының арқасында тоңмай қышқылдарының табиғи натрий тұздарынан, әртүрлі майлы дақылдар мен мақта қауыздарының күнжараларынан алынған шаруашылық сабынын шығаруды жолға қойды.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы