389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ шамамен 59 млн теңгенің қаржылық бұзушылығына жол берген

  • 575
  • UPD: 14:43, 27.12.2018

Білім және ғылым министрлігі соңғы жылдары шамамен 59 млн теңгенің қаржылық бұзушылықтарына жол берген.

Бұған қоса 623 млн теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаған. Есеп комитеті осындай олқылықтарды анықтады. Комитет мүшесі Серік Нөгербековтың айтуынша, бұл кемшіліктер елімізде ғылымның дамуына кедергі келтіріп отыр. Әрі аталмыш саланы коммерциализациялау өте төмен деңгейде. Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында көзделген мақсаттармен үйлесім таппайды. Яғни ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көрсеткішін ЖІӨ-нің 1 пайызына жеткізу міндеті іске аспай отыр. Салада осы сынды кемшіліктер жетіп артылады.

Серік Нөгербеков, Есеп комитетінің мүшесі:

- Жыл сайынғы ғылыми баяндамаларда айтылған ұсыныстар орындалмай отыр. Ал білім және ғылым министрлігі бұл ұсыныстардың іске асуына мониторинг жүргізбейді. Сондай-ақ ғылымды қаржыландырудың қолданыстағы мехнизмдерінде бірқатар кемшіліктер бар. Ол бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын көрсетіп, ашықтықты қамтамасыз етпейді.

Хабар 24 телеарнасы