Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық аккумуляторлардың экспортын арттыру үшін қаржы бөлінуде

  • 189
  • UPD: 15:42, 29.12.2018

«Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорны «Қазақстанның Даму банкі» Талдықорғаннан шығатын аккумуляторлардың экспортын арттыру үшін қаржы бөлуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Банк өкілдерінің айтуынша, бағасына сапасы сай отандық өнім алыс-жақын шетелге де танылып үлгерген.

«Қайнар АКБ» компаниясының зауыты жылына үш миллион аккумулятор шығарады. Мекеме алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтіп, алыс-жақын шетел нарығына шығуды көздеп отыр. Компанияның экспортты арттыру ісін дамыту институттары қаржылай қолдамақ. Экспорттық операцияларды орындау үшін «Қазақстанның Даму банкі» зауытқа қаражат беріп отыр.

Владимир Ли, «Қазақстанның Даму банкінің» клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі:

- «Қазақстанның Даму банкі» «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қайнар» компаниясына 2 миллиард теңгені жаңартылатын несие желісін ашу арқылы үш жыл мерзімге беретін болды. Компания өз өнімдерін Араб әмірліктері мен Қытай және ТМД елдеріне ұсынған.

Аккумулятор өндіруші компанияның қаржы директоры Бахытгүл Күдеринова бөлінген қаржы өнімдердің экспортына бағытталатынын айтады.

Бахытгүл Күдеринова, «Қайнар-АКБ» ЖШС Талдықорған аккумулятор зауытының қаржы директоры:

- Өнімдерімізді басқа да шетелдерге шығармақпыз. Осы жылы Грузия мен Ауғанстаннан жаңа серіктестермен байланыс орнаттық. Германия тарапы да үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Егер тапсырыс көп болатын болса, біз одан әрі өнімді көбйте бермекпіз.

Айта кетейік, Талдықорғандағы аккумулятор зауытында өндірістің барлық кезеңі майда бөлшектерін құйып шығару мен дайын өнімді жинауға дейін қамтылған. Одан бөлек осы жерде ескі аккумуляторларды қайта өңдейтін цех те жұмыс істейді.

Авторлары: Айбар Төлжанұлы, Дәурен Жұрхабаев

Хабар 24 телеарнасы