378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында өткен биылғы жәрмеңкелерде 5 млрд 564 млн теңгенің өнімі саудаланған

  • 498
  • UPD: 17:47, 29.12.2018

Алматы облысы бойынша биыл ауыл шаруашылығы тауарларының 1700-ден астам жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі барлық аудандар мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларында өткен осындай шаралар барысында 5 миллиард 564 миллион теңгенің өнімі саудаланған. «Бұл бағаны тұрақтандыруға оң әсер етті», – дейді мамандар. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде сатылған өнімнің бағасы базардағыдан 10-15 процентке төмен болды. Соның нәтижесінде Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттау дерегі байқалған жоқ. Алайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер коммуналдық базар басшылығының өздерінен бір орын үшін 2 мың теңгеден алатынын айтып отыр. Алдын ала жасалған келісімшарт бойынша ол 500 теңгеден аспауы тиіс еді.

Сатқанбай Желдібаев, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші:

– Әкімшілік қолдау жасап отыр, «өздеріңнің тауарларыңды сатыңдар» деп. Бірақ бағаны 2,5 мыңға көтеріп отыр.

Владимир Герц, Талдықорған қаласының тұрғыны:

– Өзге сауда орындарына қарағанда мұндағы өнімдердің бағасы әлдеқайда арзан. Сондықтан сенбі күні ерте тұрып, осында бет аламыз. Ол біз үшін әдетке айналып кетті. Коммуналдық базарға мен көбіне ет пен балық, көкөніс алу үшін келемін.

Хабар 24 телеарнасы