388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанмен сауда айналымының 80 процентін қазақстандық экспорт құрайды

  • 638
  • UPD: 10:39, 30.12.2018
Үндістанмен сауда айналымының 80 процентін қазақстандық экспорт құрайды

Үндістан Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды рольге ие. Халықаралық сарапшылар осындай пікір білдірді.

Мамандар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар жақсы жолға қойылғанын айтады. Биыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымының көлемі 1 миллиард доллардан асқан. Қазір тоқыма өндірісі мен ақпараттық технологиялар  ынтымақтастықтың басым бағыттарының біріне айналған. Қазақстандық Ай-Ти мамандары Үндістанда біліктілігін жетілдіреді. Бұдан бөлек екі мемлекеттің энергетика саласында да өзара тиімді серіктестік орнаған.

Болат Сәрсенбаев, ҚР-ның Үндістан мен Шри-Ланкадағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Үндістан бұл үлкен нарық. Мұнда 1 миллиард 300 миллион адам тұрады. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды мемлекет болып саналады. Екі жақты сауда айналымының 80 пайызын біздің елдің экспорты құрайды. Ал Үндістаннан шай, дәмдеуіштер, мәрмәр, түрлі құрал-жабдық әкелінеді.

Хабар 24 телеарнасы