375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 1309 жоба қолға алынған

  • 368
  • UPD: 21:31, 30.12.2018

Биыл Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22 миллиард теңгеге артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өндіріс ошақтары 80 мыңға жетті. Олар 115 мың тұрғындары жұмыспен қамтып отыр. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы жүзеге асқалы өңірде 1309 жоба қолға алынып, 98 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Аймақта оң динамика өнеркәсіп саласында да байқалады. Биылғы жылдың 11 айында 353 миллиард теңгенің тауары шығарылған. Әсіресе, жеңіл өңдеу өнеркәсібі мен химия саласында өнім артқан. Мамандар мұндай көрсеткішке қол жеткізу кәсіпорындарды қайта жаңғыртудың арқасында болып отыр дейді.

Талғат Шалдарбеков, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасы басшысының орынбасары:

- Өңдеу өнеркәсібінің ағымдағы жылы 4 саласында өсім байқалуда, ол химия өнеркәсібі, келесі жеңіл өнеркәсіп, келесісі металлургия өнеркәсібінде және машина жасау саласында өңдеу өнеркәсібі саласында өнімі көлемі 6 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 206% артып отыр.

Биылғы жылдың 11 айында шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірген өнімдері 157 миллиард теңгені құраған. Солардың бірі - Бахадир Әдізбаевтің жеке шаруашылығының өнімі. Ай сайын 27 мың бөдене жұмыртқасы мен 20 келі етті Жамбыл облысының ірі сауда нүктелеріне өткізеді. Шаруа бұл істі ойламаған жерден игерген. Бастапқыда бөденені тек емдік үшін ғана қолда ұстап, бертін келе жеке кәсіпке айналдырыпты. Ол үшін арнайы инкубатор сатып алып, балапан санын көбейткен. Қазір тұтынушылар тарапынан сұраныс артқандықтан, он мың бас құс сыятын ферма соғып, көктемде іске қосуды жоспарлап отыр.

Бахадир Әдізбаев кәсіпкер:

- 20-30 дай алып келіп едім, содан кейін бастадық балам екеуміз. Сұраныс қатты көбейіп, үлгере алмай жатырмын. Жаңадан бір ғимарат құрып, осыларды енді с көбейтейін деп жатырмын.

Облыста осындай 80 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бүгінде оның 63 мыңнан астамы кәсібін дөңгелетіп отыр.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бахытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы