375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атбасардың ұны Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталып жатыр

  • 253
  • UPD: 20:45, 02.01.2019
Атбасардың ұны Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталып жатыр

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы ірі диірмен кешені 2018 жылы елімізде алғашқылардың бірі болып Біріккен Араб Әмірліктеріне 600 тонна ұн жөнелтті, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Енді кәсіпорын Қытай нарығын да еңсеруді жоспарлап отыр. Ал көрші Ресей мен Өзбекстанға, сондай-ақ,Ауғанстан мен Тәжікстанға ұнды тұрақты түрде экспорттап келеді.

Айта кетейік, аталған диірмен кешені облыста 2018 жылдың «Ең үздік ұн өндірушісі» атанды. Мұнда өткен жылы 14 мың тоннадан астам ұн шығарылған. Ал, өндіріс ошағында 80 адам еңбек етеді. Жалпы ақмолалық диірменшілер өнімдерінің 40% шет елдерге саудалайды.

Иван Будаков, диірмен кешені директорының орынбасары:

- Біз ешқандай қиындықтарға қарамастан, 2018 жылы осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктеріне ұн жеткізу үшін теңіз арқылы шығу керек. Ал ылғалдылық ұнның сапасына әсер етпей қоймайды. Жалпы қазір ұн экспорты оңай емес. Көптеген диірмендер шикізат таппай отыр. Ал біз бидайды өзіміз егеміз.

Хабар 24 телеарнасы