378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында 5 ірі жоба қамқорлыққа алынды

  • 341
  • UPD: 11:51, 10.01.2019
Түркістан облысында 5 ірі жоба қамқорлыққа алынды

Түркістан облысында құны 240 млрд теңге болатын 5 ірі жоба қамқорлыққа алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, агенттік тарапынан ел экономикасына инвестиция құйған кәсіпкерлерді қағазбастылық пен сыбайлас жемқорлықтан қорғау мақсатында Protecting Business and Investments жобасы іске қосылған. Оның аясында келісімге қол қойған инвесторлар қандай да бір заңсыз әрекетке тап болған жағдайда бірден агенттікке немесе оның аумақтық департаменттеріне хабарласуы тиіс. Оларды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 24/7 ұстанымы негізінде кез келген жемқорлыққа итермелейтін бармақ басты, көз қысты заңсыз әрекеттерден қорғайтын болады.

Ғанижан Асанұлы, МҚІжСЖҚІ агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- Жалпы бүгінгі күні республика бойынша 247 жоба сүйемелдеуге алынған. Олардың құны 6,7 трлн теңге. Олардың ішінде Қазақстандық үлес 68% құрайды. Қалған 32-сі шетелдік үлесі бар жобалар.

Хабар 24 телеарнасы