389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер банкроттық рәсімдерді жетілдіру мәселесін көтерді

  • 448
  • UPD: 14:28, 10.01.2019

Банкротқа ұшыраған банкті басқарушы кредиторлар өздеріне көп мөлшерде жалақы тағайындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Борышкерлердің қарызын қайтарудың орнына олар өз мүдделерін ойлап әлек. Бүгін банкроттық рәсімдерді жетілдіру мәселесі бойынша заң жобасын қарау кезінде мәжілісмендер осындай олқылықтарды айтты. Халық қалулылары бұл мәселені заң аясында реттеуді ұсынып отыр. Сондай-ақ тоқырауға ұшыраған банктерге кезінде депозитке салынған квазимемлекеттік сектордың қаражатын қайтару жайын да сөз етті. Себебі ондағы қаржының басым бөлігі мемлекеттік қазынадан бөлінген. Ал қолданыстағы заң аясында бұл қарызды қайтару үшінші, төртінші кезекте тұр. Бұл ретте депутат Омархан Өксікбаев «алдымен жеке тұлғалардың, сосын мемлекеттің мүддесін қорғау керек» деп санайды. Әрі құжатқа жалған банкроттықтың алдын алатын тетіктер енгізуді ұсынып отыр.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шындығына келген кезде осы бухгалтерлік баланстың өзі көп жағдайда нақты емес. Және ол кәсіптік деңгейде емес. Сондықтан осыны Қаржы министрлігінің өзі осы мәселені өздерінің бақылауынан жіберіп қойғандықтарын және осының методологиясын жақсарту керектігі мәселелерін көтеріп отырмын. Өйткені бухгалтерлік балансқа негізделетін болсақ, онда ол нақты құжат болу керек. Және мемлекет оны өз мүмкіндігімен бақылайтын күші жоқ. Сондықтан біз осы заң жобасына соны бақылайтын мүмкіндіктер туғызу керек деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы