375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде «Бір белдеу, бір жол» және «Жаңа Жібек жолы» геосаяси ауқымы талқыланды

  • 399
  • UPD: 15:04, 11.01.2019
Парижде «Бір белдеу, бір жол» және «Жаңа Жібек жолы» геосаяси ауқымы талқыланды

Парижде «Бір белдеу, бір жол» және «Жаңа Жібек жолы» халықаралық жобаларының қауіпсіздігі мен геосаяси ауқымы талқыланды. Заманауи Жібек жолын құру бастамасы Еуразия құрлығындағы көптеген елдерді біріктірді. Қазір оған қатысушылар жаңа тұжырымдама аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін қолға алды. 

Қытай тарапының бастамасымен қолға алынған  «Бір белдеу, бір жол» жобасы өзге елдерге қандай тиімді бағыттар ұсынады?  Пікірталас алаңында дәл осы мәселе қозғалды. Франция сарапшыларының айтуынша, батыс елдері де осы ашық экономикалық кеңістікке кіруі мүмкін. Осы ретте интеграциялық мәселелерді реттеу қажет дейді мамандар. 

Чжай Цзюнь, Франциядағы Қытай елшісі:

- Бұл бастамада Қазақстан қандай орын алады? Әрине, Қазақ елі біздің еліміз үшін  аса маңызды әріптес екенін баса айтқым келеді. Қазіргі уақытта қос мемлекет арасында қай тұрғыдан болсын тығыз байланыс орнаған.  Менің ойымша, жаңа сипаттағы осы бастама аясында  Қазақстан мен Қытай  ынтымақтастығы ұзақ мерзімге қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Жаңа Жібек жолы әлемдік экономикалық алаңға айналуы керек. Бұл аспан асты елімен батысты ғана жақындатып қоймайды. Оған қоса жобаға қатысушы барлық мемлекеттер арасында жаңа байланыстарды орнатуға жол ашады. Мәселен, Азия аймағы Африканың нарығына шыға алады. Ал батыс елдері үшін «Бір белдеу, бір жол» сыртқы экономикалық басымдықтарды қайта қарауға мүмкіндік береді.

Паскаль Бонифас,  стратегия және халықаралық қатынастар институтының директоры: 

- Біз ұзақ уақыт бойы  Орталық Азиядан алыс қарым-қатынаста едік. Осы аймақпен ынтымақтастық орнату Францияға айтарлықтай жаңалық болды. Біз одан тек оң өзгерістер күтеміз. Қазірдің өзінде белсенділік байқалып отыр.

Осыған дейін Жаңа Жібек жолы  инфрақұрылымдарды интеграциялауға баса басымдық берді. Енді  жобаның қатысушылары энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Бұл мәселелер биыл Қытайда өтетін форумда қаралады.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы