378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі корпорациялар ауылдағы ШОБ-тың дамуына көңіл бөлмейді – Депутаттар

  • 289
  • UPD: 15:27, 11.01.2019
Еліміздегі корпорациялар ауылдағы ШОБ-тың дамуына көңіл бөлмейді – Депутаттар

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамытуға дұрыс көңіл бөлмей келеді. Олар экономика, құрылыс, тау-кен салаларындағы жобаларға басымдық бергендіктен ауыл шаруашылығы саласы кенде қалып отыр.

Мұндай пікірді Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде халық қалаулылары білдірді. Қазіргі таңда елде 17 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бар. Олардың 2017 жылғы табысы 32,7 млрд теңгені құраған. Ал шығыны 31,4 млрд теңге. Қазір аймақтардағы корпорациялар жалпы сомасы 58 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның тек 5,7 проценті ғана ауылшаруашылығы саласына, ал құрылысқа 70 проценті бағытталған. Салдарынан тұрақтандыру қорларын құру мен пайдалану бағытында бірқатар проблемалар туындаған. Оның үстіне үздік жобаларды өзге өңірлерге тарату және тәжірибе алмасу ісі мүлде қолға алынбаған.

Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тауарды сатып алуға бөлінген қаржы мақсатты пайдаланылмай, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының депозиттік шоттарында сақталғандығы туралы деректер бар. Көрсетілген ақпараттарға сәйкес кей өңірлерде тұрақтандыру қорлары құрылмаған. Бірнеше облыста бұндай қызмет түрі шығынды болып отыр. Бұл тұрғыда тұрақтандыру қорын қалыптастыру бағдарламасынан Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын шығару туралы ұсыныс жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы