378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртаудағы қоян фермасы жобалық қуаттылығына шыға бастады

  • 346
  • UPD: 08:42, 13.01.2019

Қарағанды облысындағы қоян фермасы өзінің жобалық қуаттылығына шыға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы қоян өсіретін жалғыз шаруашылық, биыл жануарлардың басын 2 мыңға дейін көбейтіп, еттің сатылым аумағын кеңейтпек.

Теміртауда орналасқан бұл шаруашылық соңғы технологиялармен жабдықталған. Мәселен, қояндардың үйшіктеріне өзіндік кәріз жүйесі орнатылса, көжектер тұратын бөлме жылу және температура өлшегіш құралмен қамтамасыз етілген. Ал су мен жем қояндарға автоматты түрде беріледі.

Қазір фермада 5 адам еңбек етіп жүр. Жобалық қуаттылыққа шыққан соң жұмысшылар қатары да көбеймек. Шаруашылыққа әсіресе, зоотехниктер мен қоян өсірушілер керек екен.

Татьяна Потёмина, кәсіпкер:

Біздегі қояндардың барлығы асылтұқымды. Олар өте төзімді келеді. Себебі, мұнда жаз өте ыстық. Ал қыс, қатты суық.

Мұнда қояндарды соятын арнайы орын қарастырылған. Етті бөлшектеген соң оны қаптамаға салып, қатырып қояды. Ал, диеталық өнім әзірге облыс аумағында ғана сатылып жатыр. Айта кетерлігі, фермадағы өндірістік процестердің барлығы цифрлық технологиялардың көмегімен басқарылады.

Максим Андрейчук, ферма басқарушысы:

- Бұл бағдарлама бізге бүгін не істеу керек екенін көрсетеді. Қояндардың қайсыларын бөлу керек, қай қораны тазалау қажет, айына қанша жем кетеді, фермада жалпы қанша қоян бар, барлығы осы бағдарламаның ішінде.

Алдағы уақытта мұнда қоянның терісі де кәдеге жаратылады. Атап айтсақ, жүннен жасалған бұйымдар тігілмек. Оған қажетті қондырғы да сатып алынған.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Марина Золотарева

Хабар 24 телеарнасы