378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жасалған автокөліктерге сұраныс артты

  • 387
Қазақстанда жасалған автокөліктерге сұраныс артты Казинформ

Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік елімізде құрастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығы президентінің орынбасары Анар Мақашева мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018 жыл қауымдастық үшін сәтті болған. Елімізде өткен жылы 60 мыңнан аса көлік сатылып, оған жерлестеріміз 500 миллиард теңеге жуық қаржы жұмсаған. Бұл көртсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда, 35,8% жоғары. Әсіресе, көпшілік таңдауы отандық өнімдерге түсіп жатқаны қуантады. Мәселен, Қазақстанда жасалған автокөліктерге сұраныс соңғы 3 жылда 17%-тен 49%-ке дейін өсіпті.

Анар Мақашева, Қазақстан автобизнес қауымдастығы президентінің орынбасары:

– Өткен жылы елімізде 32 мыңнан аса көлік шығарылды. Ал Қазақстанда жасалған көліктердің жалпы құны 205 миллиард теңгеге жетті. Қысқасы, қай жағынан алып қарасақ та, отандық автонарық қарыштап дамып келеді және биыл да осы қарқыннан таймай, көрсеткіштерімізді арттыра түсеміз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы