378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте жаңа заң жобасы мақұлданды

  • 300
  • UPD: 17:43, 16.01.2019

Мәжілістің жалпы отырысында бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының маңыздылығына тоқталған Нұрлан Нығматулин құжат Мемлекет басшысының бизнес-ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті. Палата спикерінің айтуынша, мақұлданған түзетулер кәсіпкерлікті өркендетуге жаңа серпін береді. Айталық, заң жобасында жаңадан кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салу талаптары жеңілдетілген. 2020 жылдан бастап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы