378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эксимбанк» салымшылары өз қаражатын қашан қайтарады?

  • 218
  • UPD: 12:28, 17.01.2019
«Эксимбанк» салымшылары өз қаражатын қашан қайтарады? © eximbank.kz

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешіміне «Қазақтелеком» АҚ-тың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тың «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.

«Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ға салымдарға, ағымдағы шоттарға және төлем карточкаларына орналастырылған ақшаны өтеуге құқылы. Өтемақы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (ҚДКҚ) ақша қаражатынан жинақталған сыйақыны ескере отырып, бірақ депозиттер бойынша кепілдіктің ең көп сомасынан аспайтындай салымның, банк шотындағы немесе төлем карточкасындағы ақша қалдығының сомасы шегінде төленетін болады: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша - 10 миллион теңге; шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңге; бір салымшының «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-та бір уақытта теңгеде және шетел валютасында орналастырған депозиттері бойынша – 15 миллион теңге (шетел валютасындағы депозит бойынша - 5 миллион теңге баламасынан аспайтын мөлшерде)», - делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы