378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы астық зауыты экспорт көлемін ұлғайтты

  • 306
  • UPD: 22:08, 18.01.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы астық кептіріп, сұрыптайтын зауыт экспорт көлемін арттырды. Бүгінге дейін Қытай еліне 2  мың тонна өнім жіберіп үлгерген.

Кәсіпорын майлы және дәнді дақылдардың барлық түрін кептіреді. Болашақта өсімдік майы мен астықты терең өңдейтін  тағы бір кешен салынбақ. Толықтай заманауи технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорынның  қазіргі қарқынын тілшіміз  Олжас Керейхан да көріп келді.

Еліміз бойынша күнбағыстың 50 проценті Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі.Сондықтан  жаңадан ашылған  кешеннің пайдасын өңірдегі шарулар көріп отыр. Кептірілген  өнімді бірқалыпта сақтайтын  екі үлкен қойма бар. Олардың әрқайссының сыйымдылығы 10 мың тонна болады. Ал кептірілген күнбағыс негізінен -Қытайға экспортталады.

Әділбек Рамазанов, астық кептіру кешенінің директоры:

- Ауыл шаруашылығындағылар өз өнімдерін бізге тапсырса, біз оларға  қызмет көрсетсек ертең, келешекте сол шаруа қожалықтарға да ары қарай экспортқа  шетелдіктермен жұмыс істеуге өз тарапымыздан көмек көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі күні бізде ҚХР мен келісімдер жасалды.Бүгінгі күні 2 мың тоннаның үстінде шет елге экспортқа күнбағыс жібердік.

Кешенде  жиналған өнімнің ылғалдылығы  5-тен 7 процентке дейін төмендейді. Толықтай автоматты басқарылады. Тек қаптау және тиеу жұмыстары жартылай қолмен істеледі.

Олжас Керейхан, тілші:

- Жарты жыл бұрын іске қосылған кешен тәулігіне 800-ден 1000 тоннаға дейін  майлы және дәнді дақылдарды кептіруге қауқарлы. Кептірлген дайын өнім  қоймадан соң мынадай  қаптарға қапталып, конвейрмен көлікке тиеледі. Одан соң вагонға жеткізіледі. Яғни бір сөзбен айтқанда экспорт осы конвейрден басталады. 

Шағын ауылда ашылған кешенде 10 адам  тұрақты жұмыс істейді. Барлығы да жергілікті тұрғын. 

Еркінбек Ақынбекұлы, астық кептіру кешенінің операторы:

- Құрылыс ең алғаш басталғаннан бастап жұмыс істеп жүрмін. Енді мына науқандық жұмыс кезінде 30-40 адам жұмыс істейміз. Бәріміз осыдан  нәпақа тауып отырмыз, бала шағамызды асырап.Айлығымызды ай сайын уақытмен алып, тұрақты жұмыстамыз 10 адам. 

Қанша тонна астық болса да кептіріп, жөнелуге кешеннің техникалық қуаты жетеді. Енді   өңірдегі шаруалар да оның мүмкіндігін толық пайдалана алады. Ал бүгінде облыста 450 мың гектар жерге тек  күнбағыс егіледі. Бұл 5 жыл бұрынғымен салыстырғанда 5 есеге көп. Ал болашақта аймақтағы шаруалар жүгері өсірсе, оны да қабылдауға дайын. Оған қоса осы кешен жанынан майды терең өңдейтін зауыт та салынбақ.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы