378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде балық өндірісінің дамуына не кедергі?

  • 264
Елімізде балық өндірісінің дамуына не кедергі?

Балық аулауға арналған тендердің ережесін өзгертіп, аталған саладағы заңнаманы жетілдіру қажет.

«Балық аулау мен оны өңдеу ісіне инвесторларды тартып, ірі кәсіпорындарға басымдық берген жөн», – дейді мамандар. Сондай-ақ өндірісті өркендету үшін өзен-көлдер қатаң бақылауға алынуы тиіс. Мәселен, Балқаш көлінде осыдан 10 жыл бұрын әр маусымда 12 мың тонна балық ауланса, қазір бұл көрсеткіш 4 мың тоннаға әзер жетіп отыр. Өйткені бақылау жоқ. Ғылыми жұмыстар жүргізілмейді. Балық аулап, оны өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың қолындағы техника әбден ескірді. Сол себепті олар үкіметтен балық аулауға тыйым салу мерзімін бұрынғы қалпына келтіріп, аталған салаға лизинг жүйесін енгізуді сұрайды.

Николай Быстров, кәсіпорынның атқарушы директоры:

– Қазақстанның жері үлкен болғандықтан, әр өңірдің табиғаты әртүрлі. Бұрын Алматы облысында 1 мамырдан бастап балық аулауға тыйым салатын. Ол балықшылар үшін де өте тиімді еді. Өйткені біздің жұмысымыз дизельді отынның бағасына тәуелді. Соны ескерген жөн. Үкімет жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп, лизинг мәселесін шешіп берсе, жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы