378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» қорының негізгі қызметінен түсетін табыс 31% өскен

  • 249
  • UPD: 21:37, 21.01.2019
«Самұрық-Қазына» қорының негізгі қызметінен түсетін табыс 31% өскен

Енді елімізде бұрын-соңды өндірілмеген тауарлар шығаруға басымдық беріледі.

«Самрұқ-Қазына» осындай ниеті бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті осы мақсатта бірқатар жоба авторларымен бірлескен жұмысты бастап та кеткен. Қордың қорытынды кеңесінде осындай ақпарат айтылды.

«Самұрық-Қазына» қорына кіретін компанияларды жекешелендіру науқаны аясында 230 миллиард теңге табыс түсті. Бұған қоса, маңызды жобаларға ірі инвесторлар тартылып, қор аясындағы сатып алулар жүйесі жаңартылды. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша xолдинг ішіндегі сатып алулар қысқартылды. Соның арқасында бизнесмендерге 309 миллиард теңгеден аса тапсырыс берілген. Сонымен қатар, Аxметжан Есімов «Самұрық-Қазынаның» табысын да жариялады. Қордың негізгі қызметінен түсетін табыс 31% өскен.

Аxметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұдан бөлек, өткен жылы біз қордың 2028 жылға дейінгі стратегиясын әзірледік. Аталған құжатты Мемлекет басшысы төрағалық ететін кеңес бекітті. Бұл - біздің басты бағдарламамыз. Сол бойынша он жыл бойы жұмыс істейтін боламыз.

Тағы бір жағымды жаңалық - «Самрұқ-Қазына» Қазақстанда жоқ тауарларды өндіргісі келетіндерге көмектеспек. Яғни, осындай жоспары бар кәсіпкерлермен ұзақмерзімді келісімшарт жасалып, ісінің өрге басуына түрткі болады. Мәселен, өткен жылы осындай қолдаудың арқасында елімізде алғаш рет жоғары қуатты трансформаторлар және қысымды өлшейтін құралдар шығару қолға алынды.

Әлішер Пірметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры:

- Біріншіден, аталған тауарлар Қазақстанда шығарылмағандықтан отандық компаниялардың қаржысы негізінен Ресей және Қытайға кетіп жатты. Енді аталған қаржы елімізде қалатын болды. Екіншіден, Қазақстанда бұрын болмаған өндіріс орындары ашылды. Үшіншіден, жаңадан ашылған өндіріс орындарының есебінен мемлекеттік бюджетке төлейтін салық мөлшері ұлғайды. Бұл жұмыстар 2019 жылы да жалғасады.

Бұған қоса, ұлттық әл-ауқат қоры тобындағы қарыз өткен жылы 1 трлн теңгеге қысқарған. Енді оның көлемі 8 трлн 900 млрд теңгені құрайды. Ал дебиторлық қарыздың көлемі 80% азайып, 331 млрд теңгеден 66 млрд теңгеге төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы