378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде жоғары өткізгіш сымдар өндірілетін болады

  • 283
  • UPD: 23:42, 21.01.2019

Медицина саласына қажет жоғары өткізгіш сымдар енді өзімізде өндіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемендегі техникалық университет ғалымдары жапонияық әріптестерімен бірге жаңа өнім түрін компьютерлік томографияда тәжірибеден өткізді. Нәтижесі тәп-тәуір. Қаржылай қолдау болса, мамандар жоғары өткізгіш сымдарды өндірістік деңгейде шығаруға дайын.

Техникалық университет ғалымдары магниттік-резонансті томографияға қажет жоғарғы өткізгіш сымды сынақтан өткізудің соңғы кезеңіне жетті.  Медицина салысында қолданылатын құрылғыға қажет сым Қазақстанда әзірше өндіріле қойған жоқ. Жоғары өткізгіш сым жергілікті метталургиялық зауытта қорытылған титан және ниобий металдарынан жасалды. Қазір сымның бұл түрі барлық параметр бойынша техникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Өскеменде жаслаған сымның сапасын жапондық мамандар жоғары бағалады.

Тсубой Хироказу, кәсіпкер апония):

- Біз осы жерде өндірілген сымды толық тексеріп шықтық. Халықаралық барлық стандартқа сай екеніне көзіміз жетті. Техникалық тұрығыда аздаған жетілдіретін тұстары бар. Бірақ ол ұсақ-түйек дүниелер.

Рентген құрылғыларына қажет жоғары өткізгіш сымды көптеп өндіруге әзірше мүмкіндік жоқ. Жобаға өте көп қаржы керек. Ең негізгісі - қажет материал алатын металлургиялық зауытты толық жарақтау.

Алексей Цораев, тантал өндірісінің директоры:

Біздің есебіміз бойынша кем дегенде 5-7 миллион доллар инвестиция  қажет. Ал қаржы табылған жағдайда 3-4 жылда біз толық өндірісті аяғынан тұрғызамыз. Сол кезде ғана жоба өзін өзі ақтайды.

Дегенмен, металлургияның жаңа саласы бойынша жұмыс істейтін мамандар қазірдің өзінде дайындалып жатыр.

Олег Гавриленко, Д.Серікбаев атындағы техникалық университеттің проректоры:

- Бізде қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталған металтану және зерттеу орталығы бар. Соның базасында мамандар даярланады. Нәтижесінде жаңа технология бойынша өнім шығаруға болады.

Жоғары өткізгіш сымды жасап шығарған ғалымдар инновациялық тағы 9 жоба іске асырмақ. Ол жобаларды еліміздің білім және ғылым министрлігі қолдап, 2 миллиард 700 миллион теңгенің грантын бөлген. Енді ғалымдар сол ғылыми жаңалықтарын өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы