375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Ақышев: «7-20-25» бағдарламасы бойынша 52 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды

  • 276
  • UPD: 10:57, 22.01.2019
Д.Ақышев: «7-20-25» бағдарламасы бойынша 52 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды Zakon.kz

Әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын беру нысанында бастапқы жарнаны субсидиялау тетіктері енгізілді.

2018 жылғы наурызда Мемлекет басшысы Бірінші әлеуметтік бастама шеңберінде «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Ол халық үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған.

Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылдың ортасында бағдарлама талаптарын бекітті. Ипотека нарығын дамыту үшін заңнамалық түзетулер енгізілді. Оператор – «Баспана» ұйымы құрылды. «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылғы шілдеде іске қосылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған кезде еске салды.

Ол бағдарламаны 8 банк: «Банк ЦентрКредит», АТФБанк, «Цеснабанк», Банк RBK, Еуразиялық банк, «Халық банкі», Forte Bank және «Сбербанк» ЕБ іске асырып жатқандығын атап өтті.

«17 қаңтардағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша 52 млрд теңгеге 4 350 өтінім мақұлданды, – деді Д.Ақышев. – Халықпен белсенді түрде түсіндіру жұмысын жүргізуге 6 миллионнан астам қазақстандық қамтылды. Бағдарламаны іске асыру барысы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жарияланады. Тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді. Ұлттық банктің аумақтық филиалдары мен «Баспана» ипотекалық ұйымы барлық өңірлердегі халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуде», – деп түсіндірді Қазақстан ұлттық банкінің басшысы.

Д.Ақышев «7-20-25» бағдарламасын жандандыру үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет екендігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта шектеудің бірі бастапқы баспананың, ең алдымен, өңірлерде баспананың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған байланысты бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін тұрғын үйге сұранысты, демографиялық өсуді және халықтың көші-қонын ескеру керек. Алдын ала бағалау бойынша, азаматтардың бағдарлама бойынша 2019 жылы баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады», – деп түсіндірді ол.

Қазақстан ұлттық банкі басшысының айтуынша, тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Қазақстан ұлттық банкі «Баспана» компаниясының жергілікті атқарушы органдардың нарықтық талаптармен 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын сатып алуына рұқсат берді. «Бүгінде бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. «Баспана» ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдіктерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет», – деді Д. Ақышев.

Ақпарат көзі: ҚР ҰБ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы