378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Банктер өткен жылы қазақстандықтарға 6 трлн теңге қарыз берген

  • 592
  • UPD: 20:31, 22.01.2019

Біздің халық әлі де тұтынушылық несиені көп алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр мұндай қарыздың жалпы сомасы 6 трлн теңгеге жеткен.

Өткен жылы тұтынушылық несие нарығы 6 триллион теңге көрсеткішке жетіп, коммерциялық банк өнімдерінің қатарында сенімді орынға жайғасқан. «Осылайша, қаржылық қызмет нарығының негізгі драйверіне айналды», – дейді сарапшылар.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Ішкі сұраныстың артуы ең төменгі айлық жалақының өсуі мен табысы төмен жұмысшыларға салықты азайту есебінен болып отыр деп ойлаймын. Тұтынушылық несие көлемі қараша айында жылдық есеппен алғанда 11 пайызға жеткен.

Әсем Нұрғалиева, бірінші несие бюросының атқарушы директоры:

– Көпсалалы қызмет көрсететін банктер тұтынушылық несие беруге көшуде. Себебі бұл – қазір кіріс әкелетін ең тиімді инструмент. Тауарлар да қазір несиеге сатылуда. Бөліп төлейтін бағдарламалар да бар. Мұның бәрі банктер ритейлік топтардың аралас өнімдері.

Дәстүрлі микроқаржыландыру ұйымдарына несие желілерін ашқан құрылыс компаниялары да қосылды. Автосалондар да өз тұтынушыларына саудалық өнімдер ұсынуда. Жеке тұтынушыларға деген мұндай қызығушылық ғаламтор арқылы несие берушілерді де жолдан ысырды.  

Әсем Нұрғалиева, бірінші несие бюросының атқарушы директоры:

– Онлайн несие беру нарығының ауқымы тарылды, дегенмен әлі де қызмет көрсетіліп жатыр. Бұл да – тұтынушылық несие нарығындағы сегменттердің бірі. 2018 жылы осы қызметтің де көрсеткіші жоғарылады.

Сарапшылар электронды төлем қызметінің артқанын да тілге тиек етті. Ұлттық банктің мәліметінше, 2018 жылы 22 миллион төлем картасы шығарылған. Сонымен қатар өткен жылы көлеңкелі бизнестің жариялы жылы болды. Төлем және төлем жүйесі туралы заң күшіне енген соң электронды төлем жүйесінің қаншалықты ашық жұмыс істеп жатқанын аңғаруға болатын мемлекеттік реестр іске қосылды.

Шавкат Сабиров, «Қазақстанның ғаламтор қауымдастығы» ЗТБ басшысы /заңды тұлғалар бірлестігі/

– Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, электронды төлем жүйелерінен бюджетке 2 миллиард теңге пайда түссе, 2018 жылы түсім 3 миллиард теңгеге жеткен. Төлем ұйымдарының табыстылық деңгейі 1,5-2 пайызға өскен. Олар бюджетке қомақты қаржы құйып, белсенді өсім көрсетіп отыр.

Сарапшылардың тағы бір назар аударған мәселесі – қаржылық нарық шетелдік компаниялар мен инвесторлардың елімізде бизнесті дамытуға қызығушылығын арттырып отыр. Болашаққа болжам жасаған қаржыгерлер Еуразиялық экономикалық одақ аясында қаржылық қызметтің ауқымы артады деп отыр. Бұл ірі және шағын компанияларға бизнес жүргізуге тиімді болмақ.

Авторлары: Алмас Садуақас, Гүлжан Айнабекова, Владимир Бовкис, Мухит Кудыкбаев, Ерлан Абжанов

Хабар 24 телеарнасы