378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Егін шаруашылығындағы тың технология шығынды азайтып, өнімді көбейтті

  • 288
Егін шаруашылығындағы тың технология шығынды азайтып, өнімді көбейтті

Елімізде шығыны әлдеқайда аз, өнімі айтарлықтай көп егін алатын технология пайда болды. Өткен жылы сала мамандары нақты егіншілік бойынша алғашқы жобаны іске асырып көрген. Соның нәтижесінде әр гектардан 22,5 центнер жаздық бидай жиналып отыр.

Айта кетейік, Ақмола облысы бойынша орташа өнімділік 12 центнерді құрайды. Енді Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік  орталығы осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, инновациялық бастамаларын кеңінен қолданысқа енгізбек. Бұған қоса, орталықта селекция бойынша да зерттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Басты бағыт – дәнді, бұршақты және жарма дақылдарының жаңа сорттарындағы экологиялық тұрақтылықты артыру, - дейді мекеме басшысы Кенже Абдуллаев.

Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры:

- Селекциялық орталық 17 түрлі дақылмен айналысатын.  Қазақстандағы 12 миллион гектар алқапқа бидай егіліп жатыр. Оның 50 пайызы біздің сорттарды пайдаланады. Ендігі мақсат - осы көрсеткішті 70 не 80 пайызға жеткізу.

Хабар 24 телеарнасы