378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕҚДБ кәсіпкер әйелдерге арнап курстар ұйымдастырмақ

  • 311
  • UPD: 15:09, 28.01.2019
ЕҚДБ кәсіпкер әйелдерге арнап курстар ұйымдастырмақ

Қазақстанда бизнесті қолдауға арналған бағдарлама көп.

Бірақ кәсіпкер әйелдер оны толық қолдана бермейді. Осы мақсатта Еуропалық қайта құру және даму банкі арнайы курстар ұйымтастырмақ. Ол жерде бизнеспен айналысатын нәзікжандылар қаржыны дұрыс басқару, қызметкерлермен жұмыс жасау және заманауи технологияларды тиімді пайдалану тетіктерін үйренеді. Сол арқылы шағын бизнестің аясын кеңейтіп, алпауыт компаниялармен иық тірестіруге мүмкіндік ашылады. Арнайы курсқа 350 адам қатыса алады. Қазір осыған байланысты еліміздің 14 қаласында іріктеу жүріп жатыр.

Алма Қасымова, ЕҚДБ ШОБ қолдау бағдарламасының менеджері:

- Шағын бизнестегі нәзікжандылардың үлесі еліміз бойынша 35 пайызды құрайды. Енді біз осы көрсеткішті арттырғымыз келеді. Жалпы бизнесте әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктері тең болуы керек деп есептейміз. Осыған байланысты арнайы курстар өткізуді жөн көрдік.

Хабар 24 телеарнасы