378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізге жемістің 40% Түркістан облысы береді

  • 279
Елімізге жемістің 40% Түркістан облысы береді

Түркістан облысы өткен жылы көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,9 миллион тонна өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Бұл республикалық үлестің 43 пайызын қамтиды», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов. Егістікті әртараптандырудың арқасында жиналған өнімнің 500 мың тоннаға жуығы Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 миллион тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілген. Мұнан бөлек, мақта дақылының гектар түсімділігінде де оң нәтиже бар. Онда барлығы 340,7 мың тонна мақта жиналған. Өңірдегі қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға жеткізіліп, жеміс-жидектен 118 мың тонна өнім алыныпты. Сондай-ақ Қазақстанға жемістің 40 процентін Түркістан облысы беретінін ескерсек, 2018 жылы жүзімнен 73 мың тонна өнім жиналып, республикадағы үлестің 73 процентін қамтыған. Жалпы өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 15,1 мың гектарға артып, 813,5 мың гектарға жеткен.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Жаңа технологияларды трансферттеу бойынша биылғы жылы тамшылатып суғару әдісі 2018 жылы 7174 гектарға салынып, барлығы 65 мың гектарға орналыстырылды. Жылыжайдың көлемі жаңадан 181 гектарға салынып, жалпы көлемі 1341 гектарға жеткізілді. Аталған екі технология бойынша да республикада 73-75 пайызын құрап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы