389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар өткен жылы жаңа көлік сатып алуға 500 млрд теңге жұмсаған

  • 657
  • UPD: 14:02, 30.01.2019

Еліміздегі автокөлік нарығы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың арасында су жаңа темір тұлпар сатып алуға деген құлшыныс артқан. Өткен жылдың өзінде тұтынушылар жалпы бұл мақсатқа 500 млрд теңге жұмсаған екен. Отандық автоөндірістің қарқыны да жаман емес .Бұл бағыттағы өндіріс өсімі 80 пайызды құрап отыр. 2018 жылы елде 32 мың автокөлік шығарылыпты.Осының тең жартысынан астамы өскемендік автозауыт үлесінде. Мұндай жетекші орынға тұрақтауға, өндіріс орнын дамытуға арналған инвестицияның артуы ықпал еткен. Кәсіпорын іске қосылғалы бергі 16 жыл ішінде өндіріс пен ондағы инфрақұрылымға 489 миллион доллар жұмсалған.Осы соманың 70 миллион доллары толық циклді жаңа зауыт құрылысына бөлінген. Бұл – Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының үдесінен шығатын мықты жобалардың бірі.

Андрей Толстиков, автозауыттың даму бойынша вице-президенті:

– 2018 жылдағы жақсы нәтижелер арқасында біздегі штат құрамы 19 пайызға артты. Сонымен қатар жұмысшыларымыздың жалақысын да 20 пайызға көтердік. Бүгінгі күні орташа жалақы – 221 мың теңге.

Хабар 24 телеарнасы